Жеңіс даңғылы. Бұрынғы атауы Победа даңғылы. Жеңіс даңғылы Бұхарбай көшесінен басталып, І. Есенберлин көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, Т.Бигелдинов, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин, Мәскеу, Ә. Молдағұлова, Ы. Алтынсарин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы 3304,4м.
Жеңіс - қырғын соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық. Кеңес Одағы 1945 жылы Германия мен оның одақтастарының басқыншылығына қарсы шығып, жеңіске жетті. Германияның негізгі мақсаты Барбаросса жоспары бойынша КСРО-ны жою еді. Мамырдың 8-інен 9-ына қараған түні герман жоғары командованиесінің өкілдері Германияның сөзсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойды. Рейхстагқа бірінші болып лейтенант Р. Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г.Булатов ту тікті. 9-мамыр Жеңіс күні болып жарияланды.
Бұл даңғылда ҚР Қаржы министрлігі, Қазақ ұлттық музыка академиясы, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет орналасқанАстана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері