Стивидор - кемеге жүк тиеп, оны орналастыру (шпивка) немесе жүкті кемеден түсіру жөнінде жүк иесімен болмаса кеме иесімен арадағы шарт бойынша жұмыс істейтін көлік-экспедиция ұйымдары мен фирмаларға қатысты қолданылатын жалпы атау; көлік-экспедиция ұйымының жүкті тиеу немесе түсіру жөніндегі жұмыстардың мұқият орындалуын қадағалауға бөлетін адамы.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
Стивидорлық шығындар
Стивидорлық шығындар - теңіз көлігінде шетел порттарындағы жүк тиеу-түсіру жұмыстарына байланысты кеме шаруашылығы төлеген шығындар. Стивидорлық шығындар тасымалдың өзіндік құнына кірмейді, теңізбен жүк тасу тарифтеріне үстемелер қосудың есебінен жабылады. Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Банк терминдері