Бастырылған мұнай жатыны Өзін қоршаған қойнауқаттық суарынды жүйеден мұнай өткізбейтін қалқалаушы қабатпен оқшауланған мұнай жатыны. Жатынның су-мұнай жапсарында көрініс беретін мұндай қалқалар жинауыштардың қайтадан дәнекерленуі салдарынан, таушайырлардың тотығуы нәтижесінде қайтадан түзілген кальцит, сирегірек өзге де дәнекерлер (кремнийлі, ангидритті, целестинді, т.б.) түрінде қалыптасады.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Мұнай және газ