Матақ — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Угар ауылдық округі орталығы. Мал өсіру, бордақылау және дайындау жөніндегі Матақ бірлестігінің орталық мекені.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласының солтүстік-батысында 64 км-дей жерде.
Тарихы Іргесі 1936 жылы қаланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 6,2 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары - етті мал өсіру, қосымша саласы астық егу болды. Бірлестік елді мекендері: Матақ, Ақбұлақ. Бүгінгі күні 7 шаруа қожалығы құрылған.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен669 518 385 74,3 263 191 72,6 255 194 76,1
Инфрақұрылымы Мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, АТС байланыс бөлімі, пошта торабы жұмыс жасайды. Ауыл осы жерде дүниеге келген Абылай ханның әскербасы - Матақ батыр есімімен аталады. Ауыл маңынан Матақ өзені ағады. Матақ батыр мазары бар. Ауыл арқылы Қарағанды-Қарқаралы автомобиль жолы өтеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері