Манатай – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданында, Ақсу-Аюлы аулының батысында 15 км жерде. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Жақсы Тағылы тауы мен Шерубай-Нұра өзені аңғары арасында 30 км-ге созылып жатыр, ені 5-7 км. Абсолюттік биіктігі 878 м.

Жер бедері Сайлармен тілімделген, беткейлері жайдақтау бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік және шығыс етегінде қорымтастың мол үйінділері бар. Қайрақты, Қойкел өзендері бастау алады.

Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жоғарғы бөлімі жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Сортандау ашық қызыл қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, көкпек, бұталар өседі. Жайылымдыққа және мал қыстауға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары