Мұсабек Қапанұлы Қапанов - 1947 жылы 5 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ново-Канайка ауылында туған. Қазақ. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетін бітірген (1973), жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1969 жылдан - «Қайрат» ЕСҚ Орталық кеңесі спорт мектебінің еркін күрестен жаттықтырушы-оқытушы. 1990 жылдан бері - Алматы қаласы Республикалық спорт колледжінің еркін күрестен жаттықтырушы-оқытушы. ҚазКСР чемпионы (1968-1970) Нәдірбеков Мәлікті тәрбиелеген. Еркін күрестен КСРО спорт шебері. ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1979). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2007).

Үйленген. Жұбайы - Серікова А.С., зейнеткер. Қыздары - Айнаш (1972 жылы туған), Айман (1975 жылы туған); ұлы - Алмас (1974 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1947 жылы туғандар Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:КСРО балуандары Санат:Қазақстан спорт шеберлері Санат:Еркіс күрес жаттықтырушылары Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері