Тоғынның ернеу сақинасы
Шина тоғынындағы құрылғы, көліктің доңғалағының бұзылмалы ободында шешілмелі сақиналық тетік қондырылады.
Тоғынның құлып сақинасы
Кесілген серпінді металдан жасалған сақина, ол көліктің доңғалағын тоғынының ернеуіндегі сақинада орналастырылады.
Тығыздауыш сақина
Поршеннің серпінді сақинасы, ол цилиндрдің ішін тығыздайды және цилиндрдегі газдардың қозғауыштың картеріне ағып шығуының алдын алады.
Май ысырғыш сақина
Төменгі тығыздауыш сақина, ол қозғауыштың жану камерасы ішінде майдың кірмеуін қамтамасыз етеді.
Тоқтатқыш сақина
Кесілген серпінді сақина, ол тетікті ұстайды, мысалы: телкені остік ауытқудан сақтайды.
Тығыздауыш сақина
Бұл сақина газ және жұмыс сұйықтығының ағып кетуін тоқтатады, және ішіне шаң кіруден, судан сақтайды.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Транспорт