Заал Резоевич Бочоришвили - 1963 жылы 9 мамырда Грузин КСР-інің, Ткибули қаласында туған. Грузин.

Әкесі - Бочоришвили Резо Ильич. Анасы - Бочоришвили Нели Савлевна.

КСРО Ішкі Істер Министрлігі Брянск арнайы милиция мектебінің заң факультетін (1988) заңгер мамандығы бойынша; М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (2009), жоғары дәрежелі заңгер мамандығы бойынша бітірген. Орыс және грузин тілдерін біледі. 1988 жылдан - Шымкент облыстық Ішкі Істер Басқармасы қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел өкілі. 1996 жылдан - «PAKS» ЖШС директоры (Шымкент қ.). 2006 жылдан бері - «Ш3» ЖШС директоры (Шымкент қ.). ҚР Парламент Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутатының көмекшісі. ОҚО бойынша Грузин мәдениет орталығының төрағасы.

Әскери атағы - запастағы капитан. Діни көзқарасы - христиан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Көпұлтты, бауырмал, экономикалық және зияткерлік тұрғыда жоғары дамыған біздің Қазақстан». Хоббиі - спорт, футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Бочоришвили (Порчхидзе) Лали Автандиловна, дәрігер-кардиолог. Ұлы - Бочоришвили Георгий Заалович, оқушы.

Санат:1963 жылы туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Грузиндер