Марина Александровна Аитова (13қыркүйек 1982 жыл, Қарағанды) — қазақстандық жеңіл атлет. 2006 жылғы Азия ойындары чемпионы.
Әкесі - Коржов Александр Владимирович, жүргізуші. Анасы - Коржова Любовь Тимофеевна, қойма меңгерушісі.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген (2002), экономист-халықаралық білгір. 1997 жылдан - Қарағанды қаласы БЖСМ-де жеңіл атлетикадан спортшы-нұсқаушы. 2003 жылдан - Алматы қаласы ШҰКД спортшы-нұсқаушысы. Әлем кубогының қола жүлдегері (Афины, 2006); Азия ойындарының чемпионы (Доха, 2006); Азия чемпионы (Таиланд, 2006); ашық кеңістікте биікке секіруден Азия рекордшысы (Афины, 2009); ҚР көп мәрте чемпионы. Халықаралық кластағы спорт шебері (2000). Дереккөздер
Санат:1982 жылы туғандар Санат:Қарағандыда туғандар Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері
Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:Қазақстан жеңіл атлеттері Санат:Жеңіл атлетикадан Азия ойындары чемпиондары Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары