Шағырлы Жыланшық өзені – Ұлы Жыланшық алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.
Бастауы Ұлытаудың батыс беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. Бекшан қыстауынан жоғарырақ Ұлы Жыланшық өзеніне оң жағынан кұяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 98 км. Кішігірім 4 саласы бар, ірілері: Балта, Шақабай. Жағасы көпшілік бөлігінде биік, тік жарлы келеді. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекеленген қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен аңғарында жайылымдық және шабындық жерлер мен қыстаулар бар. Өзен суы ауыз суға және мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Торғай су алабы Санат:Ұлытау ауданы өзендері