Асқар Ишанұлы Ізбасаров (08.02.1960, РКФСР, Сахалин облысында туған) - медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ.

Өмірбаяны Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген (1983), мамандығы - «Емдеу ісі». 1983 жылдан - урология ҒЗИ-да қызметте. 2005 жылдан бері - «Private Clinic Almaty» көп бейінді медицина орталығының бас директоры.

Ғылыми жұмыстары Медицина ғылымдарының кандидаты (1991), докторы (1999). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Ерлердің репродукциялық функциясы». Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының профессоры (2001 жылдан). «Бедеу некенің андрологиялық аспектілері» (1999),«Мұнай және уроандрологиялық патология» (2004) монографияларының; 140-тан астам ғылыми жарияланымның және 6 әдістемелік ұсынымның авторы. ҚР алдын ала берілетін 5 өнертабыс патенттеріне ие.

Қоғамдық жұмыстары Дүниежүзілік және Еуропалық урологтар қауымдастығының, Ресей андрологтарының Кәсіпқой қауымдастығының, ҚР ДСМ урология ҒО диссертациялық кеңесінің мүшесі,Ұлттық медицина холдингінің тәуелсіз директоры.

Марапаттары «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Клиникалық медицина саласындағы жетістіктері үшін «Мамандығы - Өмір» халықаралық сыйлығының жүлдегері.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Мұстафина Зәуре Мырзабекқызы (1960 ж. т.). Қызы - Дина (1983 ж. т.); ұлы - Диар (1997 ж. т.).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақстан урологтары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының профессорлары Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері