Рессора - иілуге жұмыс істейтін, бір немесе бірнеше ұзын тілімдерден тұратын көліктік құрал аспасының металлды серпімді элементы; сол-бір уақытта бағыттаушы және сөндіру элементтерінің функцияларын орындайды. Қосымша рессора - көліктік құралдың жүкпен артылып тұрганда негізгі рессорга бекітілген жұмысқа кірісетін рессора. Негізгі рессора - көліктік құралдың жүктелмегенінде және толық жүктелген кезінде, снымен катар қосымша рессорамен бірігіп жұмыс істеуіне есептелетін әрқашанда аспаның ықшам сызбасына қосылған рессора. Көлденең рессора - көліктік құралдың бойлық есіне көлденең орналасқан рессора. Бойлық рессора - көліктік құралдың бойлық өсі бойынша орналсқан рессора. Тайғанауыш рессора - тіреуіш ішінде жүктелудің өсуіне байланысты ұзындығының өзгеруін қамтамасыз етіп еркін шетімен жылжитын рессора.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Көлік бөлшектері