Төлке - жалғасушы бөлшекті өткізуге арналған өстік тесігі мен өстік симметриясы бар бөлшек.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. Артқы доңғалақтың тежегіш емес төлкесі Артқы доңғалақтың тежегіш емес төлкесі - еркін жүрістің тетігімен қамсыздандырылған және баспаны (иінді) тура басу кезінде еріксіз айналымды және баспаны баспай еркін айналымды қамтамасыз ететін велосипедтің артқы доңғалағының төлкесі. Велосипед төлкесі Велосипед төлкесі - цилиндірлік бөлшек, оның ішінде өс орналасқан, ал сыртында доңғалақ шеңберінің сым шабақтары ернемекке бекітіледі. Тұйық төлке Тұйық төлке - еркін жүрісі жоқ артқы доңғалақтың төлкесін қара. Еркін жүрісі жоқ артқы доңғалақтың төлкесі Еркін жүрісі жоқ артқы доңғалақтың төлкесі -баспаны басу кезінде айналымның еріксіз тездету мен бәсеңдетуді қамтамасыз ететін велосипедтің артқы доңғалақғының төлкесі. Тежегіш төлке Тежегіш төлке – тежелуге арналған жабдықпен және еркін жүрістің механизмімен қамсыздандарылған велосипедтің артқы доңғалағының төлкесі; баспаны тура басу кезінде еріксіз айналымды, педальды кері басқан кезінде тоқтауды және баспаны баспай еркін айналымды қамтамасыз етеді.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Транспорт Санат:Машиналар мен механизмдер бөлшектері