нобай| Шілдехана – Түркістан облысының республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Орналасқан жері Түркістан зиратының аумағында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен солтүстік-батысқа қарай 22 м жерде орналасқан. Координаттары: 43˚17.864΄, 068˚16.220΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 219 метр.

Кезеңі ХІІ-ХІV ғасырлар.

Тарихи деректер Мамандардың пікірінше, "шілдехана" сөзінің түбірі парсының "чеһел" қырық деген сөзінен, ал "хана" сөзі тұрақ деген маған береді. Сәйкесінше, "чилляхана" – қырық күн тұратын үй екендігін білдіреді.

Хазіретті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өсиеті бойынша: "Кімде-кім 40 күні мен түнін шынайы ықылас-ниетімен Алла разылығы үшін құлшылық-ғибадат жасап өткізсе, Алла тағала оның жүрегінен тіліне қарай даналықтың бұлағын ағызады". Шілдехана Құдайға оңаша, жеке құлшылық жасайтын ғұрыптық құрылыстар болған. Бұл ғимаратты Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салу кезінде қабірден алынған мүрделерді апарып қою үшін салынған-мыс деп, сағана қатарына жатқызатын ел аузындағы әңгімелер бар.

Ескерткіштің өзі тік төрт бұрышты болып, жартылай жер астына салынған құрылыс болып табылады. 1980 жылы ескерткішті консервациялау және ішінара қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Шілдехана – қызықты сәулет нысаны және көптеген қажылыққа келушілер мен туристер арасында өте танымал.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9

Құрылыстың сақталған бөлігі 2 м тереңдікте, жер астында. Жобаға қарағанда кесенемен қосарлы бағытта созыла салынған төрткүлді үй. Гипсті сылақтарының іздері бар 4 аласа қақпаның негіздері сақталған және едендерінде гипстің қалың қабаты байқалады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

«Шілдехана» сөзінің түбірі парсының «чеһел»-қырық деген сөзінен, ал, «хана» сөзі тұрақ үй деген мағына беріп, қырық күн тұратын үй екендігін білдіреді. Бұл діни-рухани құрылыс 1958 ж. Өзбек ССР Министрлер Кеңесінің шешімімен зерттелді. Зерттеуші ғалым Н.Б. Немцева, ал, 1972-1973 жж. Қазақстан археологы Т.Н. Сенигова қайта зерттеп жаңа, тың деректерге қол жеткізді. Алғашқы қазба кезінде құрылыстың шығыс және батыс қабырғаларының бойымен екі стратиграфиялық шурф салынып, нәтижесінде Шілдехана ХVIғ. салынған деген тұжырымға келеді. Сонымен бірге, адам бойынан биік сақталған қабырғалары, төрт жағындағы аркалардың қалдығы және құрылысқа кіретін есік аршылады. Алайда, құрылыстың іші адам, мал сүйегі мен кірпіш, ыдыс-аяқ сынықтары толы топырақ қабаты болғандықтан зерттелмей қалады. Бұл міндетті екінші 1972-73 жж. қазба атқарып шықты. Көлемі 12х12 м қазба кесенеден СБ қарай 22 м жерге салынды. 1958 ж. қазбадан кейін қайта көмгенде реставрация қалдықтары-кірпіш сынықтары, алебастр, әк, құм, тас және балшықты да сол қазба орнына төге беріпті. Зорға дегенде Шілдехананың ОШ қабырғасы байқалды, мұндағы қабырға қалындығы 1-1,1 м, кірпіштері балшық ерітіндісімен қаланған, кірпіш өлшемдері 25х25х5 см, 26х26х5 см. Қабырға іш жағынан қалыңдығы 2,5-3 см алебастр сыбақпен сыланған (ғанышпен). Бірте-бірте құрылыс тік төртбұрышты екендігі байқалды, өлшемдері 6,78х5,04 м, биіктігі 1 м дейін сақталған. Құрылыс батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Тік төртбұрыштың бұрыштарына ені-95 см, қалыңдығы-1 м пилондар (арканы екі жағынан көтеріп тұратын тік қабырға) орналасқан. Осы төрт арканың үстіне күмбез жайғасады. 1958ж. аршылған батыс және шығыс қабырғалардың биіктігі 2,37 м, ал, оңтүстігі-1,96 м. деңгейінде болған. Ол кезде күмбез қалдығы 30-40 см сақталған, алайда 1973 ж. бұл деңгей қирап кеткен болып шықты. Батыс қабырғаның ортасынан есік шықты, ол ені-1,06 м, ұзындығы 3 метрлік коридор түрінде жасалған, аяғында жоғары сыртқа шығатын тепкішекпен және мұнда кіретін есіктің табалдырығымен бітеді.«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 180 б. Алматы 2025 ж. 121 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2

Құрылыстың солтүстік қабырғасы бойымен жүргізілген қазбадан қайта жерленген адам сүйектері, ыдыс-аяқ сынықтары, мал сүйектерімен аралас шықты. Бұларды үстінен құлаған СБ қабырға басып қалған. Ыдыстар Түркістан мен Отырардың XV-XVI ғғ. тән қабаттан шықты, құрылыс та XV ғ. салынған. Алғашында ол діни әдет-ғұрыптар өткізу үшін пайдаланылған, XVI ғ. бастап алыстан алып келінген мәйіттерді жерлеу орнына айналған. XVII ғ. мұнда Халим аба дайындау үшін сойылған малдың да сүйектерін тастай бастаған, сірә, бұл кезде күмбезі де опырылып түсіп, жарамсыз болып қалған болуы керек. Өткен ғасырдың 80-ші жылдардағы қала тұрғындары Шілдехананы сопылық жолға жаңадан түскен шәкірттерді 40 күндік сынақтан өткізу үшін салған деген деректер айтатын. Сопылықты қабылдаған адам арнайы ұстаздың бақылауында 40 күн бойы күн көрмей ілімін жетілдірген, намаз, құран оқыған, хикметтерді оқып – үйренген, зікір салған. Осыған шыдаған адам ғана үлкен ұстаз-шайықтың алдына барып, қолын алып, білімін әрі қарай жалғастырған. Соған қарағанда, Шілдехана кесене салынысымен-ақ жер астына тұрғызылған сияқты. Тағы бір ақсақал 1930-40-шы жылдары Шілдехананың коридорынан кесененің Мешіт бөлмесіне қарай өтетін жер асты жолы болғандығын, өздері бала кездерінде сол тесікке түсіп, Мешіт бөлмесінің Михрабының батыс бұрышындағы кішкене бөлменің еденіндегі ойықтан шығып ойнағандарын әңгіме еткен. Кесенеде, М.Е.Массонның т.б. орыс ориенталистерінің жазуынша, кешке қарай Мешіт бөлмесінде көп адам жиылып Жаһр зікірін салатын болған. Зікіршілердің «Алла-һу» деген өңештен шыққан зор дауысы бүкіл қалаға естіліп тұратын-ды деп жазады ХІХ ғ. авторлары. Мүмкін бұл үрдіс XV ғасырда-ақ басталып, Шілдеханада 40 күн бойы жер астында отырған адамдар осы жер асты жолы арқылы Мешіт бөлмесіне өтіп Жаһр зікіріне (дауыстап салатын зікір) қатысқан болар деп ойлаймыз. Қалай болғанда да, 1975 ж. кесенені қоршап дренаж арықтары мен құдықтарын қазған кезде бұл жер асты жолы да қиратылып, ізі де қалмаған сияқты.

Бұл турасында хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «Кімде-кім 40 күн мен түнін шынайы ықылас-ниетімен Алла разылығы үшін құлшылық-ғибадат жасап өткізсе, Алла тағала оның жүрегінен тіліне қарай даналықтың бұлағын ағызады» деген өсиет қалдырған. Пайғамбар өсиетін онындау үшін Қожа Ахмет Ясауидің мұрагерлері кезінде Құдайға оңаша, жеке құлшылық жасайтын ғұрыптық құрылыстар салған. Кезінде толығымен бұзылған діни-сәулеттік құрылыс 1980 жылдары қайта қалпына келтірілген. Құрылыс тік төрт-бұрышты болып жартылай жер астына ХІІ-ХІV ғасырларда діни әдет-ғұрыптарды орындау үшін арнайы салынған. Жобада ғимарат тікбұрышты, кесене ғимаратына қарсы орналасқан. Ғанышпен сыланған, едендерінде де осы сылақтың іздері бар.https://azretsultan.kz/shildehana-xi-xii/

Дереккөздер

Санат:Түркістан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Түркістан