Вера Павловна Строева (21 қыркүйек 1903, Киев қ. - 27 тамыз 1991, Мәскеу қ.) — кинорежиссер, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944), Ресей халық артисі (1973).

Өмірбаяны Киев театр өнері институтының актерлік бөлімінде оқыды.

Кинодағы шығарм. жолын сценарий жазудан (1925) бастады.

1930 жылдан режиссурамен шұғылданды. Төңкеріс тақырыбын қозғайтын "Жеңімпаздар ұрпағы" (1936), "Ресей жүрегі" (1971) фильмін қойды. Ол режиссер Г.Л.Рошальмен бірлесіп Ф.М. Достоевскийдің, Ф.И. Панферовтың шығармаларын, сондай-ақ, М.П. Мусоргскийдің "Борис Годунов" пен "Хованщина" операсын экрандады.

2-дүниежүзілік соғыс жылдары Алматы қаласында болып, "Алып туралы ән" мен "Жауынгер ұлы" (1942) фильмін коюға қатысты. Строева пьесалар мен сценарийлер жазған.

Фильмографиясы Режиссер ретінде 1930 - Әкелер құқығы 1931 - Қаптамасыз адам 1934 - Петербург түні 1936 - Жеңімпаздар ұрпағы 1939 - Қуаныш іздеуінде 1942 - №12 әскери киножинақ 1945 - Жас музыканттар 1947 - Марите 1951 - Үлкен концерт 1954 - Борис Годунов 1954 - Көңілді жұлдыздар 1956 - Алаңқай 1959 - Хованщина 1965 - Біз, орыс халқы 1970 - Ресей жүрегі 1983 - Бір шоқ қожағай

Сценарист ретінде 1926 - Скотининдар 1927 - Жоғары мәртебелі 1929 - Екі әйел 1930 - Әкелер құқығы 1931 - Қаптамасыз адам 1934 - Петербург түні 1936 - Жеңімпаздар ұрпағы 1954 - Борис Годунов 1959 - Хованщина 1965 - Біз, орыс халқы

Марапаттары "Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:21 қыркүйекте туғандар Санат:27 тамызда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан кинодраматургтары Санат:Ресей кинодраматургтары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Ресей халық әртістері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері