Бұта иттері () — қасқыр тұқымдасына жататын сүтқоректілер. Туыстағы жалғыз түр. Қызыл қасқырға жақын.
Денесі ұзыншақтау, аяқтарымен тұмсығы қысқа, тұқыл. Түсі қара—қоңыр, басы мен кеуде, иыктары сарғыш-қоңыр. Орталық және Оңтүстік Американың ормандары мен саванналарында таралған. 6 күшікке дейін табады. Кемірушілермен қоректенеді.
ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Иттер тұқымдасы Санат:Қауіптен тыс түрлер Санат:1842 жылы зерттелген жануарлар Санат:Оңтүстік Америка сүтқоректілері Санат:Амазония фаунасы Санат:Сүтқоректілердің монотипті түрлері