Бояулы гамма -белгілі бір көркем шығарманы салу кезінде бірнеше бояудың қатар келуін білдіретін бейнелеу жөне сән өнеріндегі атау. Суретшінің табиғат бояуларын сезініп, оларды бір-бірімен шебер үндестіре білуі кескіндеме өнеріндегі шыншылдық пен көркемдік ерекшеліктің құндылығын арттыра түседі. Әдетте, бұл атау бояу түсіне тән анықтаулармен де (жылы, жарқын, солғын, ашық, суық, т.б.) аталады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мәдениеті