Алматы орталық автовокзал ғимараты, 1983 ж. ірге көтерді. Арх. В.В. Неровня. Үлкен Алматы өзенінің бойындағы Сайран бөгенінің жағалауына орналасқан. Ғимараттың архитектуралық-жоспарлау композициясы біртұтас, жинақы пішінге негізделген. Құрылысы үстіңгі деңгейдегі перронның вокзалдан оқшау салынып, бір-бірімен ашық аспалы көпірлер арқылы байланысуымен ерекшеленеді. Ішкі еңсесі биік, кең әрі жарық. Жолаушылар үшін қалалық аялдамаларға шығатын қысқа әрі ыңғайлы жолдары бар. Ғимараттың құрылысына табиғи материалдар - мәрмәр, ұлутас, гранит, ағаштың бағалы түрлері пайдаланылды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Мәдениет