Нияз Сыздықов (25 қазан, 1925,Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Ленин ауданы, Еңбек ауылы - 4 шілде, 2000) аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1983).
ҚазҰУ-ды бітірген. 1946 ж. Солтүстік Қазақстан облыстық "Ленин туы" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, кейіннен редактордың орынбасары болып қызмет атқарған. Талдықорған облысы "Советтік Жетісу" және Алматы облыстық "Коммунизм таңы" газеттерінде жауапты хатшы болды. 1962-1968 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің үгіт және насихат бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1972 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы институтында қызмет еткен.
"Құрмет белгісі" орденімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, Құрмет грамотасымен, медальдарымен марапатталған. Орыс жазушылары С.Смирнов, Т.Томаш, О.Гончар, Ю.Бондарев, Л.Н. Толстой, Ф.Достоевский романдары мен повестерін қазақ тіліне аударған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Аудармалары: С. Смирнов. Брест қамалы. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Т. Томаш. Таң арайы. Роман. А., «Жазушы», 1967; О. Гончар. Арай. Роман. А., «Жазушы» 1973; Ю.Бондарев. Жағалау. Роман. А., «Жазушы», 1976; Л.Н. Толстой. Аршынала. Повесть. А., «Жазушы», 1979; Ф. Достоевский. Нақұрыс. Роман. А., «Жазушы», 1984.
Дереккөздер
Санат:1925 жылы туғандар Санат:Солтүстік Қазақстан облысында туғандар Санат:2000 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері