Қамбар Қалығұлұлы Керейқұлов(20.02.1952 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар темір жол бекеті) - жазушы, әдебиет сыншысы, филология ғылымының кандидаты (1984). ҚазҰУ-ды бітірген (1977). 1977 - 1985 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінің бөлім қызметкері, бөлім меңгерушісі, 1985 - 1986 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының бас редакторы, 1987 - 1992 жылдары Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы қызметтерін атқарған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Қамбар Қалығұлұлы Керейқұлов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.