Дәленов Ерболат Дербісәліұлы (1946 жылы туған, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1993), профессор (1994).

Ақмола мемлекеттік медицина институтын (1969, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1969–71 жылдары Ростов медицина институтының аспирантурасында оқыды. 1971 жылдан бастап Aқмола мемлекеттік медицина институтында қызмет істеді. Ғылым еңбектері аурудың пайда болу, даму жолдарына және аурудан сақтану мен сауықтыру мәселелеріне арналған. 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 10 монография, 17 өнертабыстың авторы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Дереккөздер

Санат:1946 жылы туғандар Санат:Қазалы ауданында туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Астана медицина университеті түлектері Санат:Ростов медицина институты түлектері Санат:Астана медицина университетінің профессорлары Санат:Қазақстан медиктері