Кеңесшілік-диагностикалық орталық, Батыс Қазақстан облыстық медициналық мекеме. 1994 ж. Орал қаласында ашылды. Орталықтың консультативтік, диагностикалық, ультрадыбыстық зерттеу, эндоскопиялық, лабораториялық (биохим, цитол, клиник, иммунол. зерттеу), компьютерлік томография бөлімшілері, рентген кабинеті бар. Орталыққа Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Б.Ахметов жетекшілік етеді. Сондай-ақ мұнда Л.И.Ястребова, М.К.Исмагулов, Т.А.Ламзина, А.Н.Бахаев, Е.М.Еалиулина сияқты тәжірибелі, білікті маман-дәрігер жұмыс істейді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер