Қожахметов Сұлтанбек (1912, Ақмола облысы Зеренді ауданы Қарабұлақ ауылы – 1945, Солтүстік Кавказ) – алғашқы педагог-ғалымдардың бірі, педагогика ғылымдар кандидаты (1939). Петропавл пед. техникумын бітіріп (1930), осы оқу орнында қызмет етті (1930 – 32). 1932 – 37 жылы Қарағанды қалалық халық ағарту бөлімінде инспектор, КСРО Ұлт жастары институтында аспирант. 1937 – 41 жылы ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі, ҚазПИ-де оқытушы, Қазақ КСР Оқу комиссариаты ғылым-зерттеу институтында педагогика бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1941 – 45 жылы соғысқа қатысты. Қожахметов ұлттық мектептерді ұйымдастыру, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын, оқу бағдарламаларын жасауда зор еңбек сіңірген. Жас ұрпақты адамгершілік пен әдепке, саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселелеріне арнап құнды еңбектер жазған.

Естелік Сұлтанбек Қожахметов атында Астана қаласында көше аталған (ескі Болотная көшесі).

Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы

Санат:Әдебиет