Сеймуриялар - жойылып кеткен қосмекенділердің туысы, оның қаңка қалдықтары Солтүстік Американың палеозой заманы пермь кезеңіннің жыныстарынан табылған. Денесінің ұзындығы, 1 м-дей. Бас сүйегінің және аяқтарының құрылысы ертедегі қосмекенділерге де, бауырымен жорғалаушыларға да ұқсас екендігін көрсетеді. Сеймуриялар батпақты ормандарда тіршілік етіп, негізінен балықтармен қоректенген, 3 түрінің қалдықтары табылған.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Биология