Шолпан Батырқызы Қыдырниязова (6.5.1949 жыл, Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылы – 8 наурыз 2025, Орал қаласы) — айтыс ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1980). Алғаш рет 17 жасында айтысқа түскен. 1971 жылы Орал педогогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1980 жылы Қазақ КСР-інің 60 жылдық тойында белгілі халық ақыны Манап Көкеновпен сайысқа түсіп, 1-орынды жеңіп алды. Қаратөбе ауданында Шолпанның ақындық тәжірибесінен сабақ алған жас ақындар Ш. Қыдырниязова тобы қалыптасты. Қазір «Тахат 376» ААҚ-ның кадрлар бөлімінің бастығы.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:6 мамырда туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Қаратөбе ауданында туғандар Санат:Айтыс ақындары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері