Сәдуақас Халықсоветұлы Мәмештегі (1969 жыл 19 қарашада Қаратау қаласында туған) - «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма төрағасы. Ысты руынан шыққан.
1993 ж. Н.Э. Бауман атындағы ММТУ-ді бітірген, инженер-механик - конструктор. 1994 ж. - «Элиот-Банк» коммерциялық банкі, «Принтбанк» коммерциялық банкі (Мәскеу) пассивті операциялар бөлімінің экономисі. 1994-97 - «Астана-Холдинг Банк» коммерциялық банкінің (Мәскеу) бөлім бастығының орынбасары, бағалы қағаздар басқармасының бастығы. 1997 ж. - «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ бағалы қағаздар бөлімінің жетекші дилері, бастығы. 1997-98 жж. - «Индустриалды Банк» ААҚ талдау бөлімінің бастығы. 1998 ж. - «Темірбанк» ААҚ бағалы қағаздар басқармасының бастығы. 1998-99 жж. - «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ департамент директорының орынбасары, басқарма бастығы. 1999-2004 жж. - «ТұранӘлем Банкі» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2004-05 жж. - «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма төрағасы міндетін атқарушы. 2005 жылдан - «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма төрағасы.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
Дереккөздер
Санат:19 қарашада туғандар Санат:1969 жылы туғандар Санат:Қаратауда туғандар Санат:Қазақстан банкирлері