Садық Шәкелұлы Жақсығұлов (07.11.1924 ж. т., Жаңақала ауданы - 30.03.2009 ж.) — Кеңес одағының батыры (22.02.1944Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 22 февраля 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 5 марта (№ 13 (273)). — С. 1).

Байұлы тайпасының Алаша руынан. 1941 жылға дейін май зауытында жұмыс істеген. 18 жасында майданға сұранып, Курск иініндегі сұрапыл шайқасқа қатысады. Днепр өзенін алғашқылар сапында өтіп, жау техникасы мен адам күштерін шығынға ұшыратып, қаруластарының өзеннен өтуін қамтамасыз еткені үшін миномет расчетының сержанты Жақсығұловқа Батыр атағы берілді. Европаның біраз жерін фашизмнен азат етуге қатысқан Батыр жеңіс күнін Австрия жерінде қарсы алды. Елге оралғаннан кейін көп жыл партия, Кеңес органдарында басшы қызметтер атқарды. Өмірінің соңғы жылдарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды. Тасқала ауданының Құрметті азаматы атағын алған.

1976 жылдан бері Тасқала ауданында ол кісінің атында қазақ күресінен дәстүрлі түрде республикалық турнир өтіп келеді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:7 қарашада туғандар Санат:1924 жылы туғандар

Санат:Батыс Қазақстан облысында туғандар Санат:30 наурызда қайтыс болғандар Санат:2009 жылы қайтыс болғандар

Санат:Батыс Қазақстан облысында қайтыс болғандар

Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары

Санат:Кеңес Одағының батырлары