Нұрлан Тельманұлы Ержанов (26 тамыз 1962 жылы туған, Қарағанды қаласы) – биология ғылымдарының докторы (2000), Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі ғылым академиясының академигі (2001).
Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1984) соң осында инженер, оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан (1994–98), проректор (1998–2000) болды. 2001 жылдан 1-проректоры қызметтерін атқарады. «Редкие и исчезающие млекопитающие Казахского мелкосопочника (фауна, биология, экология, цитогенетика, охрана и рациональное использование)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ержанов 2 монография («Фауна и экология млекопитающих Центрального Казахстана: история развития и современное состояние», 1997; «Редкие и исчезающие млекопитающие Казахского мелкосопочника», 2001) мен 3 оқу құралының авторы.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:26 тамызда туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Қарағандыда туғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі ғылым академиясының академиктері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті декандары