Құмырсқажегіштер - толықтіссіздер тұқымдасына жатады.
Дене ұзындығы 15 тен 120 см дейі, құйрығы, 90 см. Тұмсығының ұшы түтік тәрізді ұзыншақ. Ұзын жабысқақ тілі жәндіктерді аулауға бейімделген. Тістері жоқ. 3 монотиптік туысы бар: алып құмырсқажегіш (Myrmecophaga), тамандуа (Tamandua) және ергежейлі құмырсқажегіш (Cyclopes). Оңтүстік Мексикадан Парагвайға дейін таралған. Жерде және ағашта өмір сүреді. Алып Құмырсқажегіштер ХТҚО-ның Қызыл кітабына енгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Мүкітістілер