Әбдеш Ерғалиев (21 желтоқсан 1912 ж., Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Терісаққан ауылы – 1993 ж.) – техника ғылымдарының докторы (1967), профессор (1971).

2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қарағанды кен-металлургия институтын бітірген (1942). Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы (1942–47), Алтай кен-металлургия институтының директоры (1950–63), Қазақстан Ғылым Академиясы кадр басқармасының бастығы, сектор меңгерушісі (1947–50), Кен ісі институты директорының орынбасары, лаборатория меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер (1965–93) болып жұмыс істеді.

Оның ғылыми жұмыстары пайдалы қазынды кен орындарын ашудың жаңа тәсілдеріне, жүйелеріне, теориясы мен практикасына, сондай-ақ жер қойнауы байлықтарын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған. Ерғалиевтың 11 авторлық куәлігі бар. 4-сайлау Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты. 1-дәрежелі Отан соғысы және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1912 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысында туғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары