Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым (13.5.1965 жыл, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы) – заң ғылымдарының докторы (2001), профессор, Қазақстан Республикасынын Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі және Қазақстан Заң академиясының академигі.

Білімі ҚазМУ-ды (1990, қазіргі ҚазҰУ), аспирантурасын (1992) бітірген. «Тұран» унверситетін (1997) бітірген. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мемлекет пен құқық инстиутының докторантурасын (2001) бітірген.

Қызмет жолы Қазақстан Републикасының Мемлекеттік арбитражында заң кеңесшісі, экономикалық кеңесші және мемлекеттік арбитр болып қызмет еткен. 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының Жоғары арбитраж сотының судьясы. 1995-2002 жылдары - Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы қызметтерін атқарған. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасың Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы. 2006 жылы - Қазақстан Парламентінің Сенаты аппаратының басшысы. 2006–2007 жылдары Ақмола технологиялық және бизнес университетінің ректоры 2007 жылы Қазақстан Республиканың Жоғары соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің төрағасы 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы. 2008 жылдан Еуразия ұлттық университетінің ректоры.

Қоғамдық қызметі 2001 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары соты Кеңесінің мүшесі. 2001 жылы судьялардың III съезінде Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы болып сайланды.

Ғылыми еңбектері 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы.Қазақ энциклопедиясы Олардың ішінде "ҚР жер процесіндегі заңдылықты қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері" (1998) "ҚР заңнамасы бойынша келтірілген экологиялық зиянның орнын толтыру" (2001) "ҚР жер процесі" (2001) және т.б. Сондай-ақ жер, аграрлық және экологиялық заңнамалар проблемалары бойынша 20-дан астам оқу-практикалық және ғылыми-әдістемелік құралдардың авторы. Жер құқығы мен азаматтық процесс, сот және шаруашылық құқығы бойынша 50-ден астам жарияланымдары бар. ҚР жер кодексін әзірлеуге қатысты.

Марапаттары «Құрмет» ордені "ҚР құрметті қазысы" "Үш би" қазылық қауымдастығының "Құрмет белгісі" "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медальдармен марапатталған."Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5

Дереккөздер

Санат:13 мамырда туғандар Санат:1965 жылы туғандар Санат:Қаратауда туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан судьялары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшелері Санат:Қазақстан Заң академиясы академиктері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Еуразия ұлттық университетінің ректорлары Санат:Ақмола технологиялық және бизнес университетінің ректорлары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының судьясы медалінің иегерлері Санат:Үш би судьялық қауымдастығының "Құрмет белгісі" медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері