Ащысай обасы, Шыңғырлау ауданы аумағыңда орналасқан. Ол 24 қорғаннан және 3 құрбан шалатын орыннан тұрады. Қорғандардың барлығы топырақ үйіндісі түрінде. Үйінділердің диаметрі 8-40 м, биіктігі 0.2-1.5 м. Обаны Батыс Қазақстан облысы музейінің археологиялық экспедициясы (Б.Райымқұлов) ашқан. Обаны қазу жұмыстары 1988-92 ж. (1991 жылдан басқа жылдары) жүргізілді. Табылған заттар: әр түрлі пішіңдегі керамикалық ыдыстар, қола жөне темір үштықты жебелер, темір пышақтар, қанжарлар, қылыштар, қола айналар, түрлі материалдан жасалған әр алуан пішіндегі моншақтар, қорамсактар, т.б. Обаны қазу жұмысы аяқталған жоқ.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Қазақстан обалары