Мэр () — АҚШ, Ұлыбритания, Франция, т.б. елдер муниципалитеттерінің лауазымның атауы және ондағы адам, елді мекеннің, көбінесе қаланың, кейбір мемлекеттер мен елдердің және шағын аймақтың әкімшілігінің, атқарушы билігінің басшысы (бастығы, басшысы)Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9.
Ресейде Ресейде бұл лауазымның атауы 1990-жылдары орнықты; мәні жағынан ол қалалық әкімшіліктің басшысын немесе қалалық атқарушы комитеттің төрағасын білдірді. Сонымен қатар «мэр» лауазымы ресми деңгейде енгізілді.
Мэр сайлауы, әдетте, қала тұрғындары арасында жалпыхалықтық референдум түрінде («тікелей сайлау») өткізіледі, бұл ретте сайланбалы лауазымға елді мекеннің кез келген тұрғыны кандидат бола алады.
Ресейде сайланбалылықты шектеу әрекеттері
2000-жылдары (субъектілер басшыларын сайлау жойылғаннан кейін) бірқатар қалаларда тікелей сайлауды жанама сайлаумен алмастыру жөнінде ұсыныстар толқыны өтті — қалалық дума депутаттары арасынан сайлау өткізу (яғни мэрлікке кандидат депутат болуы тиіс және дауыс беруге тек депутаттар ғана қатысады).
2015 жылғы сәуір: Новосібір облысының Үкіметі облыс қалаларында мэрді тікелей сайлауды жоятын заң жобасын енгізді. Бердск қаласы мэрінің міндетін атқарушының пікірінше, сайлауды жою батыс арнайы қызметтерінің сайлау үдерісіне «араласу қаупі» бар деген уәжбен орынды деп саналды.
2018 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша Ресейде өңірлік әкімшілік орталықтардың 10-ында мэр сайлауы сақталды: Мәскеу, Санкт-Петербург, Севастополь, Кемерово, Абакан, Новосібір, Хабаровск, Якутск, Томск, Анадырь. Ресейліктердің 65 %-ы қала басшыларын тікелей сайлауды қайта енгізуді қолдайды. Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Саясат әлеуметтануы