thumb|250px|Дүние бөліктері әртүрлi түстермен белгіленген:Аустралия және Океания – күлгін түсті; Азия – қызғылт сары; Америка – жасыл; Антарктида — көгілдір; Африка — сары;Еуропа — қызыл. Дүние бөліктері — Жер бетіндегі құрлықтардың (төңірегіндегі аралдарымен, ішкі теңіздерімен қоса) тарихи қалыптасқан бөліктері.

Олар алтау: Азия; Аустралия және Океания; Америка; Африка; Антарктида; Еуропа. Жер бетін бұлай бөлу құрлықтарға сәйкес келе бермейді. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір дүние бөлігі, бірақ екі құрлық болып есептеледі. Ал Азия мен Еуропа Еуразия құрлығын құрайды.Қазақ энцклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Дүние бөліктері Санат:География