Сауда теңгеріміҚаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 белгілі бір уақыт кезеңіндегі тауарлар экспорты мен импорты бойынша түсімдер мен төлемдердің арасалмағы. Кеден статистикасы негізінде әзірленеді, шекарадан өткен тауарларды да, уақыты жөнінен тауарлар қозғалысымен сай келмеуі мүмкін экспорт пен импорт төлемдері мен түсімдерін де көрсетеді. Несие есебінен жүзеге асырылатын сыртқы сауда мәмілесінің төленбеген бөлігі есеп айырысу теңгеріміне кіреді, ал төлемдері төленген немесе дереу төленуге тиіс пайда төлем теңгеріміне кіреді. Сауда теңгерімі активтік теңгерім немесе пассивтік теңгерім болуы мүмкін, активтік теңгерімде елден (аймақтан)әкетілген тауар елге әкелінген тауардан асып түседі, пассивтік теңгерімде тауар әкелімі тауар әкетілімінен асып түседі.
Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы