Әскерлер шоғырланатын (орналасатын) аймақ. Шоғырландыру ауданы барлык ұрыс әрекеттерінде құрамалар мен бөлімдер үшін, сондай-ақ бейбіт уақытта да тағайындалуы мүмкін. Шоғырландыру ауданы жаппай жою қаруынан корғану үшін ыңғайлы, әскерлердің орналасуына және олармен тез маневр жүргізуіне қолайлы орындарында таңдалады. Шоғырландыру ауданында әскерлер ұрыс жүргізуге тез дайындала алатындай немесе орналасқан аудандарынан шығып кете алатындай болып бөлімшелер бойынша бытыраңқы түрде орналасады. Қосалқы шоғырландыру аудандары да белгіленеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс