Жазық қозғалыс — қатты дененің барлық нүктелері кейбір қозғалмайтын жазықтыққа параллель қозғалған кездегі қозғалыс.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0 Мысалдар: дөнгелектің түзу жолмен домалауы, кривошип-шатунды механизмдегі шатунның қозғалысы, жабық кітаптың стол бетіндегі сырғуы т.т. Жазық параллель қозғалыстағы қатты дененің әрбір нүктесі жазық траектория сызады және параллель жазықтықтарда жатады. Ондай жазықтықтарды денеің қозғалу жазықтығы деп атауға болады. Егер қатты дененің барлық нүктелері Оху жазықтығына параллель қозғалса, онда сол Оху негізгі жазықтық болып саналады.Қозғалу жазықтықтарының барлығы да осы Оху координат жазықтығына параллель.

Дереккөздер

Санат:Физика