Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының () ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.
Тарихы 1923 жылы студенттердің халықаралық конференциясында қабылданған. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін көпшілік сипаты болған емес. 1945 жылы Универсиада Бүкіл әлемдік жастар демократиялық федерациясымен қайта туындады. 1957 жылдан бастап Универсиада халықаралық спорт жарыстарының ең үлкенінің бірі болып табылады. Спорт тарихындағы тұңғыш қысқы Универсиаданың тұсауы 1960 жылы Францияның Шамони қаласында кесілді. 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында өткен бұл халықаралық додада 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен Франция көш бастады. 3 алтын, 1 күміс, 1 қоланы қанжығаға байлаған Кеңес Одағы екінші орын иеленді. Содан бері екі жылда бір болатын қысқы Универсиада төрткүл дүниенің төрт бұрышында 25 мәрте өткізілген. Соңғысы 2011 жылдың 27 қаңтары мен 6 ақпан аралығында Түркияның Эрзурум қаласында жалауын көтерді. Дәрежесі жөнінен тек Қысқы олимпиадаға ғана жол беретін Универсиаданың 2013 жылғы астанасы – Словенияның Марибор қаласы. Бұл қала 2011 жылы жоғарыда аталған Түркиялық қаламен тартысқа түссе де,мақсатына тек осы жолы ғана жетіп отыр. Ал 2015 жылы дүние жүзінің жас таланттарын Испанияның Гранада қаласы қабылдайды.АЛМАТЫДА УНИВЕРСИАДА ӨТСЕ…, Универсиада. Жұпсыз жылдары жаздық Универсиада жүргізіледі (жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу, волейбол, баскетбол, су полосы, теннис, суға секіру және фехтование), жұп жылдары — қысқы (шаңғы спорты, мәнерлеп сырғанау және хоккей). Универсиада жеңімпаздары алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады. Универсиадаға студенттер, аспиранттар және ЖОО түлектері қатысады Универсиада қатысушылардың жастары — 17-ден 28 жасқа дейін.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
Универсиаданың өткен және өтетін жерлері
ЖылОйындарЖазғы УниверсиадаОйындарҚысқы Универсиада 1959 I Турин, — 1960 — I Шамони, 1961 II София, — 1962 — II Вилларс, 1963 III Порту-Алегри, — 1964 — III Шпиндлеров Млин, 1965 IV Будапешт, — 1966 — IV Сестриере, 1967 V Токио, — 1968 — V Инсбрук, 1970 VI Турин, VI Рованиеми, 1972 — VII Лэйк-Плэсид, 1973 VII Мәскеу, — 1975 VIII Рим, VIII Ливиньо, 1977 IX София, — 1978 — IX Шпиндлеров Млин, 1979 X Мехико, — 1981 XI Бухарест, X Хака, 1983 XII Эдмонтон, Альберта, XI София, 1985 XIII Кобе, XII Белунно, 1987 XIV Загреб, XIII Штрбске Плесо, 1989 XV Дуйсбург, XIV София, 1991 XVI Шеффилд, XV Сапорро, 1993 XVII Буффало, XVI Закопане, 1995 XVIII Фукуока, XVII Хака, 1997 XIX Сицилия, XVIII Муджу, 1999 XX Пальма де Мальорка, XIX Попрад, 2001 XXI Бейжің, XX Закопане, 2003 XXII Тэгу, XXI Тарвизио, 2005 XXIII Измир, XXII Инсбрук / Зеефельд, 2007 XXIV Бангкок, XXIII Турин, 2009 XXV Белград, XXIV Харбин, 2011 XXVI Шэньчжэнь, XXV Эрзурум, 2013 XXVII Қазан, XXVI Трентино, 2015 XXVIII Кванджу, XXVII Гранада, 2017 XXIX Тайбэй, XXVIII Алматы, 2019 XXX Неаполь, XXIX Красноярск, 2021 XXXI Чэнду, XXX Люцерн, 2023 XXXII Екатеринбург, XXXI Лейк-Плэсид, 2025 XXXII Рейн-Рур, XXXII Турин, 2027 XXXIII Чхунчхондо,
Медалдар санағы Жазғы Универсиада
Жалпы медальдар саны Жалпы Орын ҰОК 20px 20px 20px 1 578 374 309 1261 2 540 480 448 1468 3 433 364 416 1213 4 410 388 503 1301 5 409 335 250 994 6 281 228 286 795 7 224 236 301 761 8 186 191 184 561 9 149 132 150 431 10 121 116 129 366 11 118 145 160 423 12 100 129 146 375 13 97 144 209 450 14 74 99 146 319 15 73 114 124 311 16 71 63 69 203 17 62 55 84 201 18 56 80 100 236 19 52 102 137 291 20 50 57 70 177 34 24 49 70 143
Қысқы Универсиада
Жалпы медальдар саны Жалпы Орын ҰОК 20px 20px 20px 1 578 374 309 1261 2 540 480 448 1468 3 433 364 416 1213 4 410 388 503 1301 5 409 335 250 994 6 281 228 286 795 7 224 236 301 761 8 186 191 184 561 9 149 132 150 431 10 121 116 129 366 11 118 145 160 423 12 100 129 146 375 13 97 144 209 450 14 74 99 146 319 15 73 114 124 311 16 71 63 69 203 17 62 55 84 201 18 56 80 100 236 19 52 102 137 291 20 19 27 18 177
Дереккөздер
Санат:Халықаралық қатынас Санат:Спорт