Свет Оразаев (1939-1999) - 24 желтоқсанда Жетісу облысы, Ақсу ауданына қарасты Ақсу ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Аудандық және облыстық газет редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында жұмыс істеді. Соңғы жылдары Жезқазған облысындағы Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газеті редакциясында қызмет істеген. Өлеңдері бірнеше рет ұжымдық жинақтарға енген. «Дала даусы» (1987), «Шырқау биік» (1976), «Өлеңім — өзім» (1994) атты жыр жинақтарының авторы.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
1999 жылы Жезқазған облысының, Ақадыр ауданында (қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы) қайтыс болды.https://qazaqadebieti.kz/43206/m-zart-shy-tasynda-sken-m-zbala-zhyr
Ақадыр кентінде жазушының есімі бір көшеге берілді.https://atau.kz/search?search=%D0%A1%D0%B2%D0%B5%D1%82%20%D0%9E%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%B5%D0%B2&oblast=8&type=
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жазушылары