Декорт (неміс. Decort - шегерім) - тауар төлемақысының мерзімінен бұрын төленгені немесе мәміле шарттарымен салыстырғанда сапасының неғұрлым төмен болғаны үшін оның белгіленген бағасынан шегеру.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Тауар үшін алдын ала төлегені немесе мәміле шартымен салыстыру бойынша сапанын төмен болғаны үшін тауар бағасынан шегерім.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Төлемі мерзімінен бұрын өтелгені немесе тауардың саны мен сапасының келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес келмегені үшін тауарлар бағасының түсірілуі.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Дереккөздер

Санат:Қаржы Санат:Экономика