Жұмагүл Өмірзаққызы Мейрамова (1949 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында туған) —актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996). Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры.

Толығырақ Жұмагүл Өмірзаққызы 1949 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. 1967 - 1971 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер институты) актерлік бөлімін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов және КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекованың жетекшілігімен бітірген. 1971 - 2007 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы болды. Отыз жылдан астам қара шаңырақта қызмет атқарған актриса сахнаға ұмытылмас кейіпкерлердің бейнесін сомдады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 1996 - 2007 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Сахна тілі кафедрасында оқытушысы, аға оқытушысы, доценті. 2007 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы. 2007 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасының доценті.

Сахнадағы негізгі рөлдері Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының сахнасында: Ә. Тарази «Жолы болғыш жігіт» – Тана, Ғ. Мүсірепов «Ақан Сері-Ақтоқты» – Ақтоқты, « Қыз Жібек» –Қамқа, Ә. Нүрпейісов «Қан мен тер» – Ақбала, Ақбаланың шешесі, М. Әуезов «Абай» – Әйгерім, «Айман-Шолпан» – Айман, Теңге, Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» – Әйгерім, О. Бөкей «Құлыным менің» – Анар, Қарлығаш, С. Мұқанов «Шоқан Уалиханов» – Катерина, Л. Табукашвили «Арманымның ақ құсы» – Нинико, И. Вовнянко «Апат» – Ұлпан, П. Гауптман «Ымырттағы махаббат» – Паола, Б. Римова «Абай-Әйгерім» – Тоғжан, Т. Джюдженоглу «Көшкін» – Бәйбіше, Е. Жуасбек «Антивирус» – Жамал, Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’Арк» – Иоланта, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – шешесі және т.б. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері — Ақтоқтысындағы" Ақтоқты, С.Мұқановтың "Ш.Уәлихановындағы" Катерина, Әуезовтің "Айман — Шолпанындағы" Амман, Б.Римованың "Абай — Әйгеріміндегі" Тоғжан, Ш.Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күніндегі" Зәрипа, Иран Ғайыптың "Мен ішпеген у бар ма?" спектакліндегі Әйгерім рөлдерінде ойнады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Марапаттары 1996 жылы Елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағымен марапатталды. 2015 жылы Қазақстанның "Еңбек ардегері" медалімен марапатталды. Өнертану ғылымдарының доценті.

Отбасы Тұрмыс құрған. Жары актер, Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамов.

Дереккөздер

Санат:1 желтоқсанда туғандар Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары Санат:Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры тұлғалары Санат:Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары