Қасабек Аманжол (5 сәуір, 1943- 17 маусым, 2022) — Қазақстандық танымал ғалым, философ, философия ғылымдарының докторы (1989), профессор (1990), Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Балтика педагогикалық академиясының (Санкт-Петербург) құрметті академигі.

1964-1969 жж. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1969).

1969-78 жж. Жамбыл педагогика институтында, Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында аға оқытушы болған.

1978-91 жж. ҚазМУ-дің Кәсіби біліктілікті арттыру интының директоры, Алматы архит. -құрылыс институтында филосософия кафультетінің меңтерушісі.

1991-1995 жж. ҚазМУ-де философия және политология факультетінің деканы, проректор, директоры болды.

1995-1998 жж. і.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің ректоры.

1998 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетінде кафедра меңтерушісі.

Ғұмырбаяны және жетістіктері Ойшыл ғалым Аманжол ҚАСАБЕК 5 сәуірде 1943 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданының Бостан ауылында өмір есігін ешқан.

1964-1969 жылдар аралығында М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің философия факультетінде оқыды. Осы кездерде студенттік ғылыми жұмыстармен айналысып, әл-Фараби шығармаларындағы таным теориясы бойынша дипломдық жұмысты үздік қорғап шықты.

Философия тарихы мамандығы аясында 1977 жылы адам қызметінің тарихи-философиялық мәселесі бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

1978 жылы Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің ұйғарымымен жаңадан ашылған қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру Институтына доценттік қызметке жіберілді. Осы жұмыста жүргенде ғылыми, педагогикалық және методикалық деңгейінің жоғары екендігі байқалды. Методикалық топтарға жетекшілік етіп, арнайы курстар оқыды.

Ғылыми-зерттеу бағытында философияның ең өзекті мәселелерін зерттеумен жемісті айналысты. Көптеген ғылыми мақалалары Ғылым академиясының және университеттің басылымдарында жарық көрді.

Әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік таным бірлігіне арналған монографиясы 1987 жылы басылып, ғылыми қауымнан жоғары баға алды.

Әлеуметтік қызметтің тарихи-философиялық және методологиялық мәселелері бойынша 1989 жылы докторлық диссертациясын үздік қорғап шықты. 1991 жылы профессор ғылыми атағын алды.

1991 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия және саясаттану факультетінің тұңғыш деканы, кейінірек оқытушылардың біліктілігін арттыру институтының директоры- ҚазҰУ проректоры болды. Сонымен бірге қазақ және шетел философиясы тарихы кафедрасын ұйымдастырып, оның тұңғыш меңгерушісіне тағайындалды. Осы қызметтерде профессордың ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары деңгейде екені көрініс тапты. Өзінің жайдары мінезділігі, адамдармен бірқалыпты қарым-қатынас жасай білуі, біліктілігі арқасында факультет ұжымын қазіргі кездегі философия және саясаттану, психология, әлеуметтану ғылымдарының өзекті мәселелерін студенттерге, аспиранттарға оқытуды жоғары деңгейге жеткізді. Қазақ философиясын зерттеудің әдіснамалық негіздері тақырыбындағы конференция https://elibrary.kaznu.kz/kk/node/15752

Жоғары кәсіби деңгейі мен кең де терең білімділігі әртүрлі оқу пәндерінің бәрінен бірдей тең дәрежеде жетік,білікті, сапалы дәрістер өткізуге мүмкіндік береді. Кафедрадағы қазақ философиясы тарихынан маманданып жүрген аспиранттарға жетекшілік етуде де үлкен қырынан танылды. Бірнеше оқу- методикалық құралдардың авторы және жетекші ретінде философиялық-методологиялық мәселелерді көтеруде де атқарған жұмыстары қомақты.

Қазақ философиясының тарихын зерттеудің тың методологиялық принциптерін, оның шығу тегі мен негізгі даму кезеңдерін, сонымен бірге жаңа түрдегі ойлау жүйесі мен элементтерін танып-білудің философиялық мәселелерін анықтауға үлкен күш салды.

Қазақстан философтар одағының вице-президенті, Қазақ Ұлттық университетіндегі кандидаттық диссертация қорғалатын арнаулы Кеңестің төрағасы қызметін атқарды. Бірнеше ғылыми журналдардың редколлегия мүшесі, «ҚазМУ хабаршысы (философиялық серия)» журналының редакторы болды. Сол жылдары ҚазМУ жанындағы докторлық диссертациялық кеңестің мүшесі ретінде атқарған қызметі жаңа қырынан көрініс тапты және басқа да өнегелі істері оның қоғамдық жұмыстарында көптеген орын алды.

АҚШ, Иран, Оңтүстік Корея университеттерінде дәріс берген. Лингстон, Талса, Тегеран, Сенжу, Москва, Санкт-Петербург университеттерінде халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасаған.

Ғалымның жетекшілігімен философия мамандығы бойынша отыздан астам ғылым кандидаттары және сегіз ғылым докторлары даярланды. Олардың тақырыптары философия тарихы, әлеуметтік философия және таным теориясы мәселелеріне арналған.

Жұбайы Аликенова Күлпан Нұрғазықызы – философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Балалары – бір ұл және үш қыздары бар.

Туындылары Екі жүздей ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде “Социальная деятельность и социальное познание”, «Қазақ философиясына кіріспе», ”Қазақ философиясы” (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), «Философия тарихы», «Искание истины», “Шығыс философиясы”, “Тарихи-философиялық таным”, “Ғылым философиясы”, «Құқық философиясы», «Личностное познание», «Бауыр тартқан жүрек», «Кісі болмысы», «Современная философия науки», «Қазірғі ғылым дамуының философиялық ерекшеліктері», «Рухани қызметтің танымдық жаңғыру өрісі», «Болашақ: философиялық пайымдау» және тағы басқа монографиялар мен оқулықтардың авторы.

Марапатталуы Ғылыми-оқытушылық және белсенді қоғамдық жұмыстары лайықты бағаланып, “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл”, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл», «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл», Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің дамуы мен кемелденуіне қосқан зор үлесі әрі ғылым саласындағы үздік жетістіктері үшін медальмен, грамоталармен марапатталды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құрметті профессоры.

«Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» куәлік № 052, 2011 және «Алматы облысының Құрметті азаматы» куәлік № 291, 03.04.2013 атақтарының иегері.

Профессордың ғұмырбаяндық ақпараттары келесі энциклопедияларда келтірілген::

Қазақ КСР. Қысқаша энциклопедия, 4-том. Алматы, 1991, 635-бет Қазақстан ғылымында кім-кімдер бар (Кто есть кто в Казахстанской науке) Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1999, 80-бет. Қазақстандағы жоғары білім беру тұлғалары. 2-кітап. Алматы, 2000, 315-бет. Қазақстанда кім-кімдер бар. (Кто есть кто в Казахстане) Өмірбаяндық энциклопедия. Алтыншы басылым, толықтырылған. Алматы, 2002, 236-бет. Жетісу." Энциклопедия. Алматы, "Арыс" баспасы, 2004, 405-шығарылым. "Қазақ ғылымы". Энциклопедия. 2-том Алматы, 2010 өмір, 83 бет. Қазақстанда кім-кімдер бар (Кто есть кто в Казахстане) Өмірбаяндық энциклопедия. Он екінші басылым, толықтырылған. - Алматы, 2012. Бб. 579 Қазақстандық философиядағы танымал тұлғалар (ақпараттық анықтама). – Алматы, 2013ж. 51 бет.

Дереккөздер