Ұшудың жауынгерлік ресурсы (Летно-боевой ресурс) — ұрыс қимылдарының белгілі бір кезеңіне немесе уақыт аралығына ұшаққа жоспарланған ұшу саны. Оны жоғары авиациялық бастық анықтайды және ол орындайтын міндеттердің маңыздылығына, ұшу құрамы, ұшу-техникалық ресурстың ұрыстық жұмысының жиілік нормасына және материалдық қамтамасыз етуге байланыcты болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс