Күрд мәдени орталығы - "Барбанг" ("Рауан") қауымдастығының облыс филиалы. Алғашқы төрағасы — техникалық ғылымдары докторы, профессор У.Садықов. Мақсаты — күрд тілін, әдет-ғұрпын, мәдениетін жаңғырту және халықтар арасындағы достықты нығайту. Облыста 20 мыңнан аса күрд ұлтының өкілі тұрады. Қарасай ауданында "Курдистан", Талғар ауданында "Бахча-Гулан" (Гүл әлемі) атты ән-би ансамбльдері бар. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер