Жылжымалы тамақтандыру пунктіҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл — орналасу, құтқару және шұғыл авариялық-шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу аудандарындағы жасақтардың адам құрамын, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек жасағындағы зақымданған адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін құрылған пункт. Жылжымалы тамақтандыру пункті екі звенодан: тамақ әзірлеу және тарату звеносынан, сондай-ақ жабдықтау звеносынан тұрады. Жылжымалы тамақтандыру пунктінің шамамен алғандағы мүмкіндігі 10 сағат ішінде 1200 адамға тамак әзірлеп, тарата алады.
Дереккөздер
Санат:Әскери іс