Затыльников Николай Николаевич (1894-1958) - әскери қайраткер, Жетісудағы Азамат соғысына белсене қатысушы, 1918 ж. сәуірде Верный әскери штаб бастығының орынбасары, кейін солтүстік Жетісу майданының қолбасшысы болып тағайындалды. Верный төңірегіндегі бүлікшілерді талқандау, Жетісу майданындағы Қызыл Армия бөлімдерінің ақ гвардияшыларға қарсы соғыс қимылдарын басқару, тұрақты әскери бөлімдерін ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысты. Түркістан Кеңестері 8-съезінің (1919 ж. наурыз) делегаты. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін кеңес және шаруашылық жүмыстарында істеді. Өмірінің басқа деректері белгісіз.

Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер