Сейітхан Есенқұлов (25 қыркүйек 1939 жылы туған, Жамбыл ауданы, Самсы ауылы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1991).
Өмірбаяны 1961 жылы Ұзынағаш ауылындағы Н.Крупская атындағы орта мектепті, 1966 жылы Алматы мемлекет консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етеді. Ойнаған рольдері Ол У.Шекспирдің "Гамлетінде" Король Клавдий, М.Әуезовтің " Алуасында" Мардан, С.Мұқановтың "Мөлдір махаббатында" Бүркіт, "Ботагөзінде" Асқар, т.б. рөлдерді шеберлікпен сомдап, көрермендер ризашылығына бөленді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:25 қыркүйекте туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері