Ақсу футбол клубы — Түркістан облысының Ақсукент елді мекеніндегі футбол командасы. 1994-1995 жылдары Қазақстан футбол біріншіліктерінде ойнаған.
2003 жылы Шымкентте құрылған "Ақсу" футбол клубымен шатастырмаңыздар
Тарихы
Қазақстан чемпионатында 1992 жылы "Торпедо" деген атпен құрылды. 1992 жылы Қазақстан әуесқой лигасына қатысып, бірінші кезеңнен аса алмады, "Оңтүстік аймақта" төртінші орында қалды. Келесі жылы да осы лигада осы аймақта ойнап, бірінші орын алды. Бірақ финалдық кезеңде бірінші топтық турнирден өте алмай, бесінші орынға табан тіреді.
1994 жылы Қазақстан чемпионатының бірінші лигасына қатысуға мүмкіндік алды. 1994-95 жылдары екі маусым қатарынан бірінші лигада ойнады. 1995 жылы "Шығыс" аймағында ойнап, алты матчтың үшеуіне ғана қатысты. Қалған ойындарда "Ақсуға" техникалық жеңіліс жазылды да, төрт клубтың ішінде соңғы орында қалды.
Қазақстан кубогы 1994 жылы бірінші айналымда "Шахтермен" ойнауы тиіс еді. Бірақ матч өткізілмей, "Ақсуға" жеңіліс жазылды.
Футболшылары Әжімағамбетов Ахат 1965Атабаев Алишер 1970Бектеміров Рустем 1973Бөлегенов Марат 17.01.1959Джаппарқұлов Мавланкул Саттаркулович 22.02.1962Жұмаханов Ақдаулет Қонысбекович 01.06.1971Иристаев Шамсутдин/Шамсуддин 1968Камилов Ихтияр Азатович 23.02.1968Карибаев Ермек 1973Каримкулов Икрам 1974Курбаналиев Тахир 1975Максименко Александр Александрович 02.04.1974Миронов ВасилийНасыров Еркин 1975Ниязалиев Сейдахмет 1956Олейников Юрий 1969Толмачёв Александр Петрович 10.07.1957Усманов Нематулла Ирсдавлетович 15.02.1963Утеулов Куаныш Рыспекович 09.04.1969Хасанов Музаффар 1967Холходжаев Арзымат 1964Эрметов Абдугали 1971Юртаев Яков 1977
Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:1992 жылы құрылған футбол клубтары Санат:1995 жылы жабылған футбол клубтары