Қоса берілген күштер мен құралдар (Приданные силы и средства) — ұрыс тапсырмаларын шешу кезінде оларды күшейту үшін жалпы әскери құрамалар, бөлімдер және бөлімшелердің командирлерінің қол астына уақытша келген бөлімшелер мен бөлімдер. Аға бастық күштер мен құралдар берілетін командирге қарамағына баратын командирді және оның басқару пунктінің орнын, қарамағына бару мерзімі мен сол уақытта болуы қажет ауданды, бағыныштылыққа беру мақсатын және оның болжамды уақыт ұзактылығын, т. б. қажет мәліметтерді атап көрсетеді. Қоса берілген күштер мен құралдардың бағыныштан шығуы аға бастықтың нұсқауы бойынша жүргізіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс