Қазақмыс футбол клубы — 2006-2010 жылдары Қазақстан чемпионаттарында ойнайтын Қазақстан футбол клубы. Сәтбаев қаласының "Қазақмыс" Спорт сауықтыру кешені клубтың базасы болып табылады.

"Қазақмыс футбол клубы" —2006 жылы сәуірдің 27-сі күні "Қазақмыс футбол академиясы" жанынан құралған клуб.

2007 жылы тұңғыш рет Қазақстан бірінші Лигасында жеңімпаз атанып, Премьер Лигаға жолдама алды. Бірақ клуб қаржы жағдайына байланысты Премьер Лигада ойнай алмады. Ал 2008 жылы Бірінші Лигада қайтадан жеңімпаз атанып, 2009 жылы тұңғыш рет Премьер Лигада өнер көрсетті.

2011 жылдаң ортасында клуб жабылып қалды. Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 1 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.

Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:

Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты 2009 — 2:0 («Ертіс», Павлодар) 2009 — 2:0 («Қайсар», Қызылорда) 2009 — 2:0 («Қызылжар», Петропавл)

Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты 2009 — 0:5 («Тобыл», Қостанай) 2009 — 0:5 («Тараз», Тараз)

Ойыншылар Негізгі құрам

Қазақмыс 2010№ Ойыншы Ел туған күні Қақпашылар1 Александр Календарь 14.04.199224 Денис Төлебаев 07.02.1987 Қорғаушылар2 Евгений Азаматов 23.03.19903 Дмитрий Черемных 04.01.19874 Евгений Панащенко 27.04.19885 Марлен Ералиев 14.04.19916 Алексей Сорокин 29.04.198515 Андрей Шумара 13.11.198218 Ержан Ысқақов 21.11.198519 Сергей Соломатин 24.04.198521 Эльдар Баймешов 26.07.1986 Жартылай қорғаушылар7 Марат Ысқұлов 11.04.198212 Ерлан Закарин 30.01.198713 Владимир Морошан 05.01.198917 Нұржан Оразбеков 22.05.199220 Федор Симиниди 14.03.1985 22 Жомарт Рсалин 03.02.199123 Мадияр Сәкенов 24.04.199225 Евгений Гавриш 04.12.1987 Шабуылшылар8 Саид Оруджов 19.01.19919 Марғұлан Еріков 02.02.198810 Денис Малинин 11.06.198311 Гейсар Алекперзаде 02.12.198414 Наиль Фатхуллин 29.08.1987 Қосалқы құрам

Қазақмыс 2010№ Ойыншы Ел туған күні Қақпашылар45 Кирилл Короткевич 12.06.199246 Александр Шевченко 24.12.1990 Қорғаушылар3 Жасұлан Байділда 06.02.199023 Бауыран Әуденбаев 05.01.199026 Евгений Фадеев 30.03.199029 Міржан Төлегенов 29.10.199036 Федор Майзенгельтер 23.03.199039 Бекзат Есов 26.06.1990 Жартылай қорғаушылар14 Ғалым Бадағұлов 20.07.198915 Нұрсұлтан Амзе 24.10.199116 Владимир Кураев 05.02.199130 Нұржан Оразбеков 22.05.199232 Мадияр Сәкенов 24.04.199240 Азамат Сәдуов 23.07.199187 Диас Хамзин 24.06.1987 Шабуылшылар35 Елдос Шайкенов 17.10.198737 Жасұлан Исабеков 09.12.198938 Жасұлан Мәмбетов 09.12.198941 Давид Карслиев 07.05.1990

Қазақмыс футбол академиясы Қазақмыс футбол академиясы 2006 жылы 30-шы сәуір күні Сәтбаев қаласының Қазақмыс Спорт сауықтыру кешенінде құрылды. "Қазақмыс" ФА бас жаттықтырушысы болып Бразилиядан келген маман Дуилио Диас Джуниор болып тағайындалды. жәнеде Бразилиядан тағы басқа мамандар келді. "Қазақмыс" ФА-да Сәтбаев пен Жезқазған қаласынан келген 500 жасөспірімдер жаттықты. Жасөспірімдер командасы Қазақстанның, облыстың және қала чемпионаттырында жақсы өнер көрсетті.

2007жылы Қазақмыс Спорт сауықтыру кешенінде "Қазақмыс" футбол академиясы" ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін "Coca Сola Былғары доп" Республикалық турнирі өткізілді.

2007 жылы тамыз айында "Қазақмыс" "Ливерпуль" (Англия) футбол академиясы ұйымдастыруымен Грузияның Салоники қаласында өткен 1993 жылы туған жас өрендер арасындағы "Liverpool dream" турниріне қатысты. Сәтбаев қаласының жас өрендері сол турнирде 2-ші орынға қол жеткізді.

Жыл сайын "Қазақмыс" ФА-да Қазақстанның футбол федерациясының жасөспірімдер жарыстарының күнтiзбелiк жоспарына енгiзiлген "Күзгі демалыс" және "Қысқы демелыс" атты халықаралық турнирлер өткізіледі.

2007 жылы "Қазақмыс" ЖШС корпорациясы көмегімен "Қазақмыс" ФА-ның 300-дей жас өрендері бірнеше турнирлерге қатысты. Соның ішінде: "Coca Сola Былғары доп"(3 жас шамасына байланысты топтар), Г.А.Козельконы еске түсіруге арналған халықаралық турниры, Д.А.Қонаевты еске түсіруге арналған Республикалық турниры және т.б.

2008 жылы "Қысқы демелыс-2008" турниріне Ресей, Қырғызстан және Қазақстан командалары қатысып 1994 жылғы "Қазақмыс" командасы Алға (Бішкек) командасын алға жіберіп 2-ші орын алды

Тағы айта кетерлік жайт: "Қазақмыс" Қазақстан Чемпионатындағы барлық жас шамаларына байланысты топтарда өнер көрсетеді.

Ең көп ойын өткізгендер 116-Гейсар Алекперзаде111-Федор Симиниди

Ең көп доп соққан 93-Гейсар Алекперзаде

Жетістіктері Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы (2): 2006, 2007

Сілтемелер Ресми сайты

Санат:Сәтбаев Санат:Қазақмыс ФК Санат:2006 жылы құрылған футбол клубтары